Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

23 Қазан, 22:09 396

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме болып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырды.

Көрмеге Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің безендендірілген кірпіштері, сол кезеңдегі тұлғалардың балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің құббасы, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқтар, ортағасырлық бірегей монеталар, сондай-ақ, тарихи қолжазбалардың көшірмелері, карталар мен картиналар, Жошы ұлысының тарихына қатысты кітаптар және т.б. құнды жәдігерлер қойылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының аумағында Алтын Орда дәуіріне жататын 10-нан аса тарихи ескерткіш сақталған.

Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: