Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Майқайың көшесінде жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
Осыған байланысты 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен Балталы көшесіне дейінгі Майқайың көшесінің учаскесінде көлік қозғалыс толығымен жабылатын болады, - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.