Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Арай көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жөндеу жүргізілуіне байланысты осы жылдың 19-21 тамызы аралығында Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.