Астанада жолаушылар тасымалдайтын автобус әйелді қағып өлтірді

27 Тамыз, 13:16 902

Астанада қоғамдық көлік әйелді қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болды.

Сығанақ көшесімен жүріп келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылғанда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, - деп жауап берді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: