Астанада Тұран даңғылында мотоцикл жүргізушісі Hyundai көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
6 сәуір күні сағат 19:30 шамасында Тұран даңғылында мотоцикл мен Hyundai көлігі соқтығысты. Алған жарақат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар қалалық ПД баспасөз қызметі жазғы маусымның басталуымен жолдарда мопед, скутер, мотоцикл және велосипед жүргізушілерінің саны артқанын атап өтті. Құқық қорғау органдары жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша мұқият болуға, қорғаныш жабдықтарын қолдануға және жылдамдық режимін сақтауға шақырады.