Астанада жол апатынан көлік аударылып қалды

Кеше, 22:38 160

Астанада Chevrolet мен ВАЗ көліктері соқтығысып, салдарынан алғашқы аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Zhaloby.astana іstagram-парақшасында Chevrolet маркалы көлігінің аударылып қалған видеосы тарады. Бұл жайтқа байланысты Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Chevrolet Cobalt жеңіл көлігінің жүргізушісі Нәжімеденов көшесі жақтан Тәуелсіздік көшесімен келе жатып Байтұрсынов көшесімен қиылыста солға бұрылатын кезде көлік құралына жол бермеген. Осылайша, қарсы бағытта келе жатқан «ВАЗ» көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Chevrolet Cobalt жанына қарай аударылып қалған, - делінген мәліметте.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі дене жарақатын алған. Оған қатысты іс Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АСТАНА | ЖАЛОБЫ | ОТЗЫВЫ 🌐🔝🗨️ (@zhaloby.astana)

Зарина Арман
Бөлісу: