Астанада жоғары қабаттан құлаған кішкентай қызды далада жүрген көршілері қағып алды

7 Мамыр 2023, 12:25 1588

Астанада көпқабаттың үйдің үшінші қабатынан екі жастағы қыз құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға қаладағы Байтұрсынов көшесіндегі жеті қабатты үйде болған. Алдын ала белгілі болғандай, 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып қойған.  

Төтенше жағдайлар министрігінің, баспасөз қызметі құлаған баланың анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын мәлімдеді. Дегенмен, баланы көршілердің бірі қағып алған. 

Терезені ашып, төмен қарап тұрған баланы сол сәтте сырттадалада көрпе жайып тұрған көрші көрген. Ол сол уақытта төмен құлаған баланы қағып алады. Қазір қыз бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайының жағдайы орташа дәрежеде екенін айтып отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: