Астанада туысқанының пышақ шабуылынан зардап шеккендер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі жансақтау бөлімінде,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада туыстарын пышақтады деп күдікке ілінген 21 жастағы жігіт ұсталды. Шабуыл салдарынан оның 28 жастағы нағашы ағасы мерт болып, үш туысы ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасаушының 60 жастағы тәтесі кеуде қуысынан жарақат алған.
1964 жылғы әйелдің денесінің әр жерінде бірнеше рет пышақ жарақаттары, сол жақ қабырғасының сынғаны анықталды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.
Шабуылшының тағы бір нағашы әпкесі де түрлі жарақат алған.
50 жастағы әйел де түрлі пышақ жарақаттарын алып, денесі көгерген, бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ қабырғасы сынып, емханаға жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты, – деп хабарлады ведомстводан.
Ал 18 жастағы нағашы қарындасы хирургия бөліміне жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.