Астанада «Жібек жолы» фестивалін «Біржан – Сара» операсы ашты

12 Қараша 2022, 17:50 3590

«Астана Операда» «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтуде

Елордада «Астана Опера» театрында «Жібек жолы» фестивалінің аясында «Біржан-Сара» операсы өтуде, деп хабарлайды El.kz.

Біржан мен Сараның рөлінде Қазақстанның халық әртістері Ахмед Агади мен Айгүл Ниязова өнер көрсетті.

«Біржанның рөлін алу мен үшін құрмет. Осы рөлді алғанда ақынның болмысын, шығармашылығы мен әндерін қайта тыңдап, іздендім. Бұл рөлге дайындалуға көп уақыт кетті. Дауысымызды жаттықтырдық, түрлі жаттығу жасадық», - деді Ахмед Агади.

Айгүл Ниязова да Сараның рөліне ұзақ дайындалғанын атап өтті.

«Мен үшін Сара талантты үлкен тұлға. Ол революционер. Ол Біржанмен кездесуді армандады және олар айтыста кездесіп мақсатына жетті. Сара маған осындай қырымен ұнады»,- деді Айгүл Ниязова

«Жібек жолы» фестивалі 14 желтоқсанға дейін созылады.

«Фестивалға шетелденде арнайы мамандар мен қоңақтар қатысады. 15-16 қараша күндері Л.Минкустың «Дон Кихот» балеті өтеді. Келесі күні Үлкен Беларуссия театрының жұлдызы Дмитрий Уксусников және Людмила Хитрова өнер көрсетеді. Дирижері белгілі - Руслан Баймурзин. Ал фестмвалдің жабылуында 14 желтоқсан күні симфониялық концерт өтеді. Оған Ресейден белгілі скрипач Алексей Лундин қатысады. Дирижердің пультінде бельгиялық Илья Машкевич болады», - деді пресс-конференцияда Азамат Жылтыркөзов.

EL.KZ
Бөлісу: