Астанада жеті жастағы қызды көлік қағып, өлтірді

Бүгiн, 14:57 771

Астанада баланы көлік қағып кетті. Ол ауыр жақаттан қаза болды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды.

Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған жол апаты салдарынан ауыр жарақаттар алған кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, – деп мәлімдеді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баланың биологиялық өлімі тіркелді

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: