Астанада жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы жарақат алды

2 Тамыз, 02:23 1054

Астанада  жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы жарақат алды. Оқиға Нұра ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмысшы 2 метрлік шұңқырға байқаусызда құлап кеткен. 

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер кісіге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оны сыртқа алып шықты. 

Жарақат алған жұмысшы "103" қызметіне тапсырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: