Астанада Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысы жабылады

Кеше, 16:19 323

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты, 19 сәуір күні сағат 19:00-ден бастап 21 сәуір күні сағат 07:00-ге дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: