Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты

Бүгiн, 10:52 146

Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында орналасқан Шардара көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, алдымен шаруашылық құрылысынан өрт шығып, кейін жалын тұрғын үйдің шатырына ауысқан.

Қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылардың айтуынша, жақын маңдағы басқа үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: