Астанада жеке тұрғын үй жарылып кете жаздады

8 Желтоқсан, 18:11 963

Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Байқоңыр ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ қызметкерлері дереу жетіп, жанып жатқан үйден газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты. Осылайша төтеншеліктер жарылыстың алдын алды. 

Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Қызыл жалын сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: