Астанада жедел жәрдем басшысы ұсталды

6 Желтоқсан 2023, 09:13 1187

Астанада жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Антикорға сілтеме жасап.

«Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік кәсіпорынның директоры ұсталғаны мәлім болды. Антикор өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мұрат Оразбев Қызылорда қаласының тумасы. Жоғары білікті дәрігер-токсиколог, денсаулық сақтау саласының үздігі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: