Астанада жатақхана өртенді

24 Шілде 2023, 07:30 1599

Астанада жекеменшік жатақхана өртеніп, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 шілде күні сағат 21.57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

Оқиға орнына жеткен кезде анықталғандай, от 2-қабаттағы бөлмеде 20 шаршы метр аумақта шыққан. Жалын тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басты. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен иінді үш көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды, 60 тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.

ТЖД күштерімен тілсіз жау сағат 22.28-де оқшауландырылып, 22.48-де сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: