Астанада жасөспірімдер бір күнде 5 велосипед ұрлап, сатып жіберген

2 Маусым, 14:41 616

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқан 14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған балаларды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің 5 велосипед ұрлауға қатыстылығы белгілі болды. Олар күндізгі уақытта велосипедтерді үйдің кіреберісінен еркін кіріп алып кеткен. Кейін ізін суытқан. Дегенмен бейнебақылау камераларының көмегімен жас құқық бұзушылардың жүрген ізі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен алдын-алу әңгімелері жүргізілді, заңды өкілдеріне тапсырылды. Ұрланған бес велосипед тәркіленді,-делінген полиция мәліметінде. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: