Астанада жасөспірім қыз биіктен секіріп кетті

17 Ақпан, 22:36 695

Астанада жасөспірім қыз көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен. Бұл туралы ақпарат @astanovka98 Telegram-арнасында пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырмандардың айтуынша, жас қыз биіктен секірмес бұрын хат қалдырған. Жасөспірім ауыр халге ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: