Астанада жасөспірім баланы пышақтады: полиция мән-жайды айтты

Кеше, 21:40 176

Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысында жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы видео тарады. Астана қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланады, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ал жарақат алған баланың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оған операция жасаған, өмірін еш қауіп төніп тұрған жоқ деп отыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: