Астанада жас отбасыларға арналған семинар-тренингтер өткізіледі

3 Тамыз 2023, 07:11 1358

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы елорданың жас отбасылары үшін білікті мамандардың қатысуымен Дәстүрлі отбасы институтын насихаттау бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, оларға қатысу үшін қала тұрғындары өтінім жіберуі тиіс.

Семинар-тренингтер елімізде танымал білікті мамандар мен үлгілі отбасылардың қатысуымен жастар арасында дәстүрлі отбасылық институтты насихаттау мақсатында өткізіледі. Отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту, баланы жоспарлау және тәрбиелеу сияқты тақырыптар көтеріледі.

Семинар-тренингтер осы жылдың тамыз айында басталады.

Жоспарланған кездесулердің міндеттері:

• жас отбасы институтын қолдау;
• жастар арасында отбасының адам өміріндегі рөлін, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды құрметтеуді насихаттау;
• жас отбасылардың ажырасу коэффициентінің төмендеуі;
• бақытты неке құрудың негізгі аспектілерін түсіндіру;
• жас отбасылар арасында тыңдау және кері байланыс дағдыларын қалыптастыру.
• отбасылардың құқықтық, педагогикалық, психологиялық салауаттылығы үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қаланың жас отбасылармен жұмысты ұйымдастыру;
• баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі;
• ата-ана мен балалар арасындағы байланыс;
• жүктілікті жоспарлау және дайындалу;

Іс-шараларға Астанада тұратын, тренингтер басталғанға дейін некесін ресми тіркеген жас отбасылар қатыса алады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің жасы 35 жастан аспауы керек. Қатысушылар @Elorda_jastary Instagram аккаунтына жазылуы керек.

Семинарға жазылу үшін 2023 жылдың 10 тамызына дейін elorda_otbasy@mail.ru электрондық поштаға өтінім жіберу қажет.

Өтінім мыналарды қамтуы керек:

• неке қию туралы куәліктің скан-көшірмесі немесе фотосы;
• ерлі-зайыптылардың жеке куәлік көшірмелері;
• ерлі-зайыптылардың телефон нөмерлері.

Семинар-тренингтерде белсенділік танытқан отбасы үшін:

• 4 белсенді қатысушыға 50 000 (елу мың) теңге сомасына отбасылық мейрамханада кешкі асқа сертификаттар;
• 4 белсенді қатысушыға 35 000 (отыз бес мың) теңге сомасына отбасылық фотосессияға сертификаттар;
• 4 белсенді қатысушыға 27 500 (жиырма жеті мың бес жүз) теңге сомаға отбасылық ойын-сауық орындарына сертификаттар табысталады.

Берік Арманов
Бөлісу: