Астанада зейнетақы алған қарттарға алаяқтар шабуыл жасады

20 Ақпан, 19:44 407

Астанада интернет және телефон алаяқтығымен күресу науқаны аясында елорданың Промышленный елді мекенінің тұрғындары мен «Қазақстанның қаржы мәдениеті» қоғамдық қорының төрағасы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Технологияның қарқынды дамып келе жатқанын және деректеріміздің қолжетімді болып келе жатқанын ылғи да есте ұстауымыз керек. Мысалы, алаяқтар тіркелу үшін жеке ақпарат талап етілетін ұтыс ойынын ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай айла-шарғылардан ешкім де қорғалған емес, сондықтан азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін үнемі хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Біз бұл мәселеге неғұрлым көп көңіл бөлсек, қазақстандықтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығы соғұрлым жоғары болады, - деп атап өтті қордың негізін қалаушы Юрий Ли.

Кездесу барысында қатысушыларға түрлі алаяқтық схемалар, киберқылмыскерлер қолданатын айла-шарғылар, олардан қорғану жолдары айтылды.

Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу керек деп есептеймін. Бізге, яғни қарт кісілерге зейнетақымызды алған кезде, лотереяға қатысу үшін тауар сатып алудан бастап, банктік шоттарды жалған қорғауға дейін күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі нөмірлерден қоңыраулар түсе бастайды. Жақында маған қоңырау шалып, SIM картамның мерзімі өтіп кеткенін және оны тез арада SMS арқылы қайта ұзартуым керектігін айтты, бірақ мен алаяқты бірден таныдым. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мұндай тақырыптарды жиі талқылауымыз керек, - деді кездесуге қатысушы Нағима Жұмалиқызы.

Асқар Таудай
Бөлісу: