Астанада заңсыз темекі айналымына тосқауыл қойылды

6 Тамыз 2023, 17:25 687

Елордада сомасы 7 миллион теңгеден асатын заңсыз айналымдағы темекі өнімдерінің партиясы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейдтік іс-шараларды өткізу барысында вейп, кальянға арналған және электрондық темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) 5 360 темекі бұйымы анықтады. Жалпы сомасы 7 841 500 теңгені құрады.

Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып отыр. Нәтижесінде, тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданғаны белгілі болды.  

Асқар Таудай
Бөлісу: