Астанада заңсыз такси қызметін атқарған шетелдіктер анықталды

27 Ақпан 2023, 00:15 1009

Елордада «Мигрант» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде

Елордада заңсыз такси қызметін атқарған шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды El.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері шетел азаматтарының ел аумағында болу ережелерін бұзудың 184 дерегін анықтады, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Елден 20 шетелдік азамат шығарылды, Қазақстан Республикасында жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, жеке тасымалдаумен айналысатын 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жолаушыларды жеке тасымалдаған Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматын мобильді қосымша арқылы ұстаған.

Еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыру және ҚР аумағында заңсыз болу дерегі бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалған. Сот шешімі бойынша азамат ҚР аумағынан әкімшілік шығарылғаны белгілі болды.

EL.KZ
Бөлісу: