Астанадағы Қаныш Сәтбаев көшесі

14 Сәуір 2015, 08:37

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен академик Қаныш Сәтбаев атындағы көшенің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен академик Қаныш Сәтбаев атындағы көшенің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Академик Қаныш Сәтбаевтің туған күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орналасқан ЕҰУ-дің бас ғимаратында Сәтбаев көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара ұлы Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне орайластырылды.

2014 жылдың шілде айындағы республикалық ономастикалық комиссия отырысында Левон Мирзоян көшесін белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаев есімімен атау жөнінде шешім қабылданды.

Академик Қаныш Сәтбаев — теңдесіз геолог, ғалым, республикалық геологиялық қызметтің және Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін салушы. Ол — Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті және тұңғыш қазақ академигі.

Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш. Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған — Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған.

«Газеттерде Мирзоянның үш мыңға жуық қазақ зиялысын жазалау үшін Сталинге арнайы хат жолдағаны жарияланған. Ал ол үш мың емес, төрт мың қазақты жазалады. Бұл іс ашылды. Көшенің атын өзгерту жөнінде көптеген арыз келіп түскен. Шешім қабылданып, көшеге Қаныш Сәтбаев есімі берілді», — дейді саяси ғылымдар докторы Әбдіжәлел Бәкір. 

Левон Мирзоян — кеңестік кезеңнің мемлекеттік және партиялық қайраткері. Оның есімімен 1933-1936 жылдары Тараз қаласы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарындағы аудандар және Астана мен Алматы көшелері аталған.

Астанадағы көшелердің негізгі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Бұл Астана қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде деген сөз. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметіне сүйенсек, Елордада мыңға жуық көше болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілген.

Енді республикалық мерзімді басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында талай мәрте көтеріліп, қоғам талқысына салынған Астанадағы Мирзоян көшесі бір сәтте қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталды.

Ерлан Сыдықов, ЕҰУ ректоры:
– Бұл көшені Қаныш Сәтбаевтың атымен атауымыз бүкіл қазақ үшін үлкен қуаныш. Нобельдік сыйлықтың деңгейіндегі жаңалықтар ашып, Сарыарқа төсін зерттеген ғалымға көрсеткен құрметіміздің айғағы. Болашақта бұл көше Қарағанды тас жолына дейін созылатын болады. Дәл осы көшеге Қаныштың есімін беруде осындай мән бар. Астанадағы ең үлкен даңғылға айналатын көшеге Қ.Сәтбаевтың атын беру арқылы біз оның руыхна құрмет көрсеттік.

Астанадағы көшелердің негізі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде аталады. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметіне сүйенсек, Елордада мыңға жуық көше болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілген.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу: