Астанадағы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің ғимаратында медиация кабинеті ашылмақ

18 Қаңтар 2019, 03:50 2486

Астана қаласының «Сарыарқа»  ауданы  әкімінің аппаратында әлеуметтік-еңбек  қақтығыстарындағы медиацияның ерекшеліктері туралы халықты хабардар ету мақсатында көшпелі кездесуі өтті.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің ұйымдастырумыен өткен кездесуге «Сарыарқа» ауданының көп қабатты тұрғын үйлер мен коммуналдық кәсіпорындарына қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары қатысты.

Медиация және әдіснамалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Әсел Сайлаубай қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қақтығыстарында медиативті рәсімдерді қолдану мүмкіндігі туралы айтты.

Жақын арада Астана қаласының «Сарыарқа»  ауданы  әкімінің аппараты ғимаратында шиеленіс жағдайлар мен дауларды шешу үшін медиация кабинетін ашу жоспарлануда. Медиация кабинетінің жұмысына кәсіби медиаторлармен қатар белсенді қала тұрғындарының ішінен  қоғамдық медиаторлар және барлық ниет білдірген ПИК (пәтер иелері коперативінің) қызметкерлері қатыса алады.

Бөлісу: