Астанада вокзал аумағында теміржолшылардың этонауылы ашылды

Бүгiн, 05:15 345

Астанада теміржолшылар Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік іс-шараға орай  елордалық вокзал кешені аумағында теміржолшылардың этноауылы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келген қонақтар мерекелік атмосфераға еніп, ұлттық тағамдардан дәм тата алды.

ҚТЖ мәліметінше, биылғы мейрамды атап өту Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып отыр. Мереке түрлі түркі халықтарының мәдениетін біріктірді. Киіз үйлерде Әзербайжан, Татарстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан дәстүрлері ұсынылды. Қонақтарға наурыз көже, бауырсақ пен палау ұсынылды. Ал концерттік бағдарламаны  ҚТЖ дарынды қызметкерлері дайындап, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: