Астанада венгр ақынының есімі жаңа көшеге беріледі

2 Қараша 2023, 14:49 983

Елордада Шандор Петефидің есімі жаңа көшеге берілмек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен Ақордада өткен келіссөзде мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл мажар халқының ұлы перзенті Шандор Петефидің туғанына 200 жыл толды. Осыған орай бүгін Астанада жаңа көшеде ақынның есімі беріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Ақордада келіссөз жүргізген еді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: