Астанада веложарыс кезінде ер адам бақилық болды

15 Шілде 2023, 18:49 771

Астанада веложарыс кезінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада өтіп жатқан Tour of Uly Dala жарысы кезінде қатысушылардың бірі трассадан шығып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдамаған. Кезекші жедел жәрдем бригадасымен дереу көмек көрсетілгенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады, - делінген хабарламада.

Жарысты аяқтау туралы шешім қабылданып, жексенбіге жоспарланған кезең де тоқтатылатын болды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: