Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

14 Қазан, 00:20 565

Астанада үстел теннисінен 27-ші Азия чемпионаты аяқталды. Бұл турнир Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып, 26 елден 210 спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апта бойы өткен жарыста ерлер мен әйелдер арасында жекелей, командалық, жұптық және аралас жұптық санаттарда медальдар сарапқа салынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатының жекелей және командалық есеп бойынша финалдық ойындарына қатысты.

Туризм және спорт министрлігі чемпионаттың соңғы күні үстел теннисі мерекесіне айналғанын атап өтті. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз болып КХДР спортшысы Ким Кум Ен танылды, ал жұптық сында жапониялық Сатсуки Одо мен Сакура Йокои алтын медаль иеленді. Ерлер арасындағы жекелей сында чемпиондық атақты Жапонияның Томоказу Харимото жеңіп алды.

Матчтардың нәтижесі бойынша орындар келесідей болып бөлінді:

Әйелдер арасындағы жекелей сайыс: 1-орын Ким Кум Ен (КХДР) 2-орын Мива Харимото (Жапония) 3-орын Мима Ито (Жапония) 3-орын Доо Хой Кем (Гонконг)

Әйелдер арасындағы жұптық сайыс: 
1 Сатсуки Одо/Сакура Йокои (Жапония) 
2 Мива Харимото/Мию Кихара (Жапония) 
3 Айхика Мухерджи/Сутиртха Мухерджи (Үндістан) 
3 Ман Куай/Чэнь Синтун (Қытай)

Ерлер арасындағы жекелей сайыс: 
1 Томоказу Харимото (Жапония) 
2 Лин Шидон (Қытай) 
3 О Джунсон (Оңтүстік Корея) 
3 Хирото Шинозука (Жапония).

Перизат Саденова
Бөлісу: