Астанада үлескерлерді алдаған құрылыс компанияларына қандай шара қолданылады

20 Қыркүйек 2023, 10:04 669

Елорда прокуратурасының мәліметінше, 2019 жылдан бері проблемалы жылжымайтын мүлік саны 150-ден 32-ге, ал алданған үлескерлер 16 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы кезеңде прокуратура 4 993 үлескердің мүддесіне 48,5 млрд теңгеге 125 талап-арыз жолдады.

Уәкілетті органмен 2019-2023 жж. үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ 149 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткен кезеңде 4 құрылыс салушы сотталды. Бүгінде полицейлермен 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты 7 қылмыстық іс тергелуде. 5 адам қамауға алынды, - делінген мәліметте.

Аталған тұлғалардың әрекетінен 426 азамат зардап шеккен.

Азаматтардың қаражатын тартуға құқығы бар құрылыс салушылардың тізімі www.egov.kz сайтында көрсетілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: