Астанада Түркістан көшесінің Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осыған байланысты 21-25 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатынын айтты. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылатын болады.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.