Астанада тұрғын үйден өрт шықты

16 Ақпан, 23:00 614

Астанадағы Абылай хан даңғылында орналасқан үйлердің бірінде пәтер өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абылай хан, 26/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде тотығудың салдарынан өрт шықты.

Өрт жертөлеге дейін жеткен. Қызыл жалын шарпыған аумақ 15 шаршы метрді құрады.

Үйден 18 адам эвакуацияланды, оның ішінде төртеуі бала.

Өрт сағат 18:53-те ауыздықталып, 19:15-те өшірілді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: