Астанада тұрғын үй ауласынан мәйіт табылды

19 Қыркүйек 2023, 18:22 693

Елордада тұрғын үй ауласынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше2023 жылы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: