Астанада Тұран даңғылындағы учаске бірнеше күнге ішінара жабылады

27 Сәуір, 14:37 337

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты биыл 27-30 сәуір аралығында Хусейн бен Талал көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (қаладан аэропортқа қарай) жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: