Астанада топырақ механикасы және геотехника бойынша халықаралық конференция өтеді

13 Тамыз 2023, 12:26 1127

ЕҰУ-да топырақ механикасы және геотехника бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия – 2023 жөніндегі 17-ші Азия өңірлік конференциясының Төралқасы өз жұмысын бастады. Аталған шара 14-18 тамыз аралығында алғаш рет Қазақстан астанасы – Астанада өтеді. Осындай беделді форумда әлемнің 90 елінің ғалымдары Азиядағы геотехникалық қауіпсіздік пен құрылыс мәселелерін талқыламақ. 

Ұйымдастырушы тарап ретінде Гумилев атындағы ЕҰУ геотехникалық институты, Қазақстан геотехникалық қауымдастығы (KGS), Халықаралық геотехникалық қауымдастығы (ISSMGE) өзара бірлесіп жұмыс атқарады. 

Халықаралық геотехникалық қауымдастықтың (ISSMGE) президенті Марк Баллоуз атап өткендей, Астанада Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия бойынша 17-ші Азия өңірлік конференциясын өткізу халықаралық қауымдастық тарихындағы маңызды іс-шара ретінде аталған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: