Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

28 Қазан 2022, 09:44 1694

Бұл туралы Үкіметтің Telegram каналы мәлімдеді

Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz  Бұл туралы Үкіметтің Telegram каналы мәлімдеді.

Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода және Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов қатысады.  Сонымен қатар Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.
Бөлісу: