Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды

14 Қазан 2022, 11:33 1338

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz.

Осыған дейін Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтетіні хабарланған. Шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысатыны айтылған .

12 қазан күні Қазақстан төрағалығымен Астанада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысқан еді.
Бөлісу: