Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы 29 – 30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр, - делінген ақпаратта.
Іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді.