Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

19 Маусым, 15:00 506

Астанада тағы бір көше жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынын бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты 20-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бір жағы бойынша ұйымдастырылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: