Астанада «TATULYQ FEST» фестивалі өтті

9 Наурыз, 19:43 885

Аталмыш іс-шараны «Сенімен Болашақ» РҚБ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль барысында жеке тұлғаны дамытуға, отбасы ішіндегі қарым-қатынасты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Отбасы психологиясы, репродуктивті денсаулық, отбасылық жанжал және құқықтық сауаттылық жөнінде TED-x форматында Қазақстан заңгерлер одағының атқарушы директоры Беркамалов Серік, отбасылық дәрігер, жастардың репродуктивті денсаулығы саласындағы халықаралық тренер-спикер Темірхан Аслан, балалар психологы Ержанова Назым және басқа да сарапшылар тәжірибесін бөлісті.

Халыққа әлеуметтік мәселелерде көмек беру үшін «Сенімен Болашақ» Астана қалалық филиалы РҚБ, «Астаналық әйелдер ақпараттық орталығы» ҚҚ, «Mama PRO» ҚҚ, «Daryndy Ana» ҚҰ, «Замандас21» ҚҚ, «Жария» ҚҚ, «Отандастар Қоры» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарының жәрмеңкесі өтті.

Халыққа қызмет көрсету орталығы, Еңбек ұтқырлығы орталығы, «JOLTAP» жобасының мамандары қатысушыларға консультациялық кеңестер көрсетті.
«TATULYQ FEST» іс-шарасы халық көп жиналатын ойын-сауық кешендерде тұрақты түрде өткізілетін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: