Астанада танымал әнші Jony көшет отырғызды

20 Қыркүйек, 16:17 538

Елордалық әуежайда танымал әндердің авторы, орындаушы Jony-ге көшет сыйға тартылды. Сол күні Jony бұл ағашты қаланың ботаникалық бағына отырғызды. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Jony осындай ерекше әрі мағыналы сыйлық үшін ризашылығын білдіріп, оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларға қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтті.

Боз арша көшеті ботаникалық баққа отырғызылды.

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакция жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл екпелерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т.б. жинау жұмыстары жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: