Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты екі көшедегі учаске жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылының Мәңгілік ел даңғылынан Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.
Осыған байланысты, 20-23 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Сонымен қатар Сарыарқа даңғылының учаскесі жабылады.
Биыл 20-30 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады, - делінген мәліметте.
Басқарма Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынды.