Астанада тағы екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылатын болды

17 Маусым 2023, 18:22 764

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Егемен Қазақстан және Ғабдуллин көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты 16-28 маусым күндері аралығында Егемен Қазақстан көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады. 

Сонымен қатар, 17-21 маусым аралығында Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылып отыр. 

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін ескертеді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: