Астанада тағы ды бір инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Кеше, 18:10 141

Астанада Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл орталықтың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдап, әлеуметтік ортаға қалыптасу үшін мүмкіндік жасау. Олардың мектепке бейімделуіне, оқу процесіне толыққанды қатысуына, қауіпсіз ортада тең дәрежеде білім алуына жағдай туғызу болып саналады. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен логопед, дефектолог, мектеп психологтары,педагог-ассистенттер түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Ашылған кабинет лого массажы, тілашар, ақылды айна, ұсақ моторикаларымен жұмыс істеуге қолайлы орын болып табылады.

Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» ЖШС қорының демеушілігімен ашылды. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76 және 97 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: