Астанадағы №2 қалалық емхананың филиалында Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының жаңа қан тапсыру пункті ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді елорданың оң жағалауының тұрғындарына донор болу үшін сол жағалауға барудың қажеті жоқ. Бұл - донорлық қозғалысты дамытудағы және пациенттер үшін қанның қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам.
ДСМ мәліметінше, күн сайын Астана ауруханаларында ондаған пациент қан құюға мұқтаж. Олар жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер, босанатын әйелдер, онкологиялық науқастар, ауыр сырқаттары бар адамдар. Қан қоры үнемі толықтырылып отыруы керек, бірақ бұрын оң жағалау тұрғындары қан орталығына барар жолда 1,5 сағатқа дейін уақыт жұмсауға мәжбүр болды.
Медициналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін бізге күн сайын 80 доза эритроцит, 70 доза плазма және 30 доза тромбоцит қажет. Бұл тек Астанада күніне кемінде 150 донор, ал республика бойынша - 1000-ға жуық донация,-деді Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басшысы Сәния Әбдірахманова.
Орталық басшысының айтуынша, донорлардың 30%-ы өз бетінше келеді. Ал қалғандары шақыру бойынша - орталықтың байланыс орталығы күн сайын қан тапсыру қажеттілігін еске салу үшін 1000-ға дейін қоңырау шалады.
Жаңа пунктте қан тапсырған алғашқылардың қатарында тұрақты донор Бекназар Қазиев болды, ол үшін бұл 68-ші донация.
Айта кетсек, донорлық қан ауыр жарақаттары бар пациенттерге, күрделі операциялардан кейін, қан аурулары мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде қажет. Бір донация үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
18 жастан бастап салмағы 50 кг-нан жоғары адамдар қан доноры бола алады. Сондай-ақ оның қарсы көрсетілімдердің болмауы (инфекциялар, созылмалы аурулар, соңғы операциялар және т. б.) шарт.
Донордың қан тапсырған күні жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады және қосымша демалыс күнін (жалғыз пайдалануға немесе демалысқа қосуға болады) алу,а болады.