Астанада тағы бір көше бір аптаға жабылды

Кеше, 19:05 322

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты биыл 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: