Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram қаланың тыныс-тіршілігі үшін маңызды нысандар туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкім ЖЭО-3 құрылысы аяқталатынын мәлімдеді. Мұны Әлихан Смайыловтың өзі жеке тексергенін хабарлағанбыз.
Қаланың тіршілігі тоқтаусыз жүру үшін бірқатар маңызды нысан саламыз. Олар – «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары, сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтаймыз. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.
Қалада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады. Газ жылу станциялары мен ЖЭО-3-ті алдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Мәселен газ жылу станциялары мен ЖЭО-3 осы жылыту маусымында 1100 Гкал/сағ жылу береді, бұл бізге профицитке шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл үшінші газ жылу станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.