Астанада сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген көңілді орындар ашылады. Барлығы 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Олардың бәріне кіру елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады (коньки, сырғанауға арналған заттарды есептемегенде). Қыс мезгілінде бос уақытты пайдалы өткізу үшін мынадай орындар белгіленді:
Байқоңыр ауданында: 1. «Жастар» сарайы (Республика даңғылы, 34) – оның аумағында мұз айдынын, 2 сырғанақ ашу жоспарланып отыр, сондай-ақ жаңа жылдық шырша орнатылады;
Сарыарқа ауданында мына орындар бойынша 11 сырғанақ пен 4 мұз айдынын салу жоспарланып отыр:
Алматы ауданында сырғанақтар (11) «Қазақ елі» алаңында, Триатлон саябағында, Пирамиданың артындағы саябақта, Оқушылар сарайының аумағында, «Нұрлы жол» вокзалының аумағында, Сарайшық шағын ауданында, тағы 5 сырғанақ Теміржолшылар, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино елді мекендерінде болмақ. Мұз айдындары «Қазақ елі» алаңында, «Триатлон» саябағында, «Пирамида» артындағы саябақта және көпір астындағы аумақта орналасады.
Нұра ауданында да арнайы тақырыпқа арналған шағын архитектуралық фигуралар орнатылады, фотоаймақтар ашылады және 6 төбешік пен 2 сырғанақ болады:
1. Орталық саябақ (төбешік, сырғанақ);
Есіл ауданында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін үш негізгі орын белгіленді – ЭКСПО алаңы, Ботаникалық бақ және «Керуен» сауда үйі. Ботаникалық бақта және ЭКСПО аумағында 2 төбешік, Ботаникалық бақта, «Керуен» СОО жанында мұз айдыны, сонымен қатар ЭКСПО аумағында 2 сырғанақ орнатылады. Сондай-ақ, «Бәйтерек» монументі, Салтанат қақпасы, Нұржол бульвары және «Астана Балет» театры маңындағы аумақтар шағын архитектуралық фигуралармен безендіріледі. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Мәңгілік Ел даңғылы, Достық, Сарайшық, Қонаева, Бөкей хан көшелері бойындағы т.б. ағаштарды безендіру жоспарланып отыр.