Астанада ШЫҰ қорғаныс ведомстволары басшылары ағаш отырғызды

26 Сәуір, 14:33 612

Астанада ШЫҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі ашылған күні ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, еліміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығының негізгі басымдықтарының ішінде экология саласы да бар. 2024 жыл Қазақстанның бастамасымен ШЫҰ Экология жылы болып жарияланды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысушылар экологиялық акцияға қатысып, Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанына көшет отырғызу рәсімін өткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: