Астанада шетелдік азамат көршісінің үйіне ұрлыққа түскен

4 Қазан, 03:18 713

Астаналық полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында ер адамның елордада пәтер жалдап тұратыны белгілі болған. Таңғы уақытта ол көршісінің итін серуендеуге алып шығып бара жатқанын және пәтерінің есігін жабуды ұмытып кеткенін байқаған. Қолайлы сәтті пайдаланған ол үйге кіріп, сөреде тұрған «Redmi Note 10» маркалы телефонын ұрлап кеткен.

Таңғы серуеннен келген жәбірленуші гаджетінің жоғалғанын байқап, полицияға шағымданған.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде,-деді қалалық ПД. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Перизат Саденова
Бөлісу: